Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығында өрт шықты
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қаласында ана мен бала орталығынан өрт шығып, 200-ден астам адам эвакуацияланды деп хабарлайды Қазақпарат.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтуынша, 7 сәуір күні сағат 13:50-де "101" пультіне Тұран даңғылындағы ана мен бала орталығындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
"Ғимараттың "Б" бөлігінде астыңғы қабатта электрқалқан кабелінен от тұтанған. ТЖ аумағы 0,5 шаршы метрді құрады", - деді ол.
Өрт сөндірушілер келгенше аурухана қызметкерлері 200 адамды сыртқа шығарды.
Қызыл жалын сағат 14:04-те ауыздықталып, 14:08-де толық сөндірілді.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
"Оқиға себептері анықталып жатыр. Өрт орнында астаналық төтенше жағдайлар департаментінің 8 жеке құрамы мен 2 техникасы жұмылдырылды", - деді Нұрахметов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787441-nr-sltanda-ana-men-bala-ortalygynda-rt-sykty/