Алматы базарында сатушылардың не себепті төбелескені анықталды
Опубликовано:
Алматыдағы "Өжет" базарында болған төбелестің мән-жайы анықталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, олардың арасындағы дау-дамайдың шығуына аяқ киім себеп болған екен.
"Ұсталғандар базарда аяқ-киім сатумен айналысады. Олардан жауап алу кезінде төбелеске тұрмыстық дау-дамай себеп болғаны анықталды. Сатушылардың бірі екіншісіне тауарды (аяқ киім) бүлінген күйде қайтарыпты. Олар алдымен ұрсысып қалады да, кикілжің артынша төбелеске ұласқан. Құқықбұзушылар ұсталып, аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді", - деді полиция.
Полицияның айтуынша, қылмыстық кодекстің 293 бабы 2 тармағы бойынша іс қозғалып, ұсталғандар бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Еске сала кетсек, Алматы базарында саудагерлер жаппай төбелес шығарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787442-almaty-bazarynda-satusylardy-ne-sebepti-tbeleskeni-anyktaldy/