Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы кен орнында 25 жастағы жұмысшы көз жұмды

Опубликовано:

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында Түркістаннан келген 25 жастағы жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: liter.kz
Көрнекі фото: liter.kz: UGC

Қайғылы жағдай туралы ақпарат ең алғаш әлеуметтік желіде таралған.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында жұмысшының көз жұмғанын растады.

Толық ақпараттың кейінірек берілетіні айтылды.

Куәгерлердің сөзінше, 25 жастағы жігіт Теңіз кен орнына Түркістаннан келген.

Кран операторы болып жұмыс істеген оның үстіне аталмыш техниканың жүк көтеретін бөлігі құлап түсіпті.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787446-atyrau-oblysyndagy-ken-ornynda-25-zastagy-zmyssy-kz-zmdy/

pixel