Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 22 жастағы жігіт сүйіктісін тұншықтырып өлтірді

Опубликовано:

Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Қызғаныштан көзі байланып, ғашығын өлтіріп тынған азамат өз кінәсін толық мойындаған деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көрнекі фото: ERNUR.KZ
Көрнекі фото: ERNUR.KZ: Getty Images

Оқиға өңірдің Сайрам ауданында орын алған. 22 жастағы жігіт пен 20 жастағы арудың кездесіп жүргеніне бір жылға жуық болған екен.

Алайда, жастар қаржының жеткіліксіздігінен үйленуді кейінге қалдырған көрінеді.

Жігіт ғашығына солтүстікке барып, бірге жұмыс істеуді ұсынған. Алайда, бойжеткен алыс өңірге кетуге келісе қоймапты.

Ашуға булыққан жігіт қыздың басқа азаматы бар деп болжап, бірден буындыра бастаған. Осы кезде жұлысқан жастар бірге су арнасына құлап кеткен екен.

Көзі байланған жігіт қызды арнаның ішінде де тұншықтырып, өлтіріп тастапты.

Алғашында жәбірленуші арнаға жазатайым құлап, тұншығып өлді деп болжанған.

Бірақ мәйіттің денесіндегі, мойнындағы буындыру белгілерін байқаған соң құзырлы органдар қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ретінде бойжеткеннің жігіті құрықталған. Ұсталған азамат бірден барлығын мойындады.

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен ғашығын о дүниелік еткен жігітке қасақана кісі өлтіргені үшін айып тағылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787913-trkistan-oblysynda-22-zastagy-zigit-sjiktisin-tnsyktyryp-ltirdi/

pixel