БҚО-да үш жасар бала үйдің 9-шы қабатынан құлап кетті
Опубликовано:
8 сәуір күні кешке Ақсайда үш жасар бала көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кетті. Бүлдіршін сол күні ата-анасының қарауынсыз қалған деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балақайдың комада жатқанын, соған байланысты оны Оралға жеткізу мүмкін емес екенін хабарлады.
Ақсайға құрамында үш бейінді дәрігер бар санитарлық авиация жөнелтілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787921-bko-da-s-zasar-bala-jdi-9-sy-kabatynan-klap-ketti/