Екі ай бұрын жоғалған арудың денесі Алматы маңындағы су арнасынан табылды
Опубликовано:
Бірнеше ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Анастасия Галееваның денесі Алматы маңындағы су арнасынан табылды. Бұл туралы бойжеткеннің әкесі хабарлаған деп жазады Zakon.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ер адамның сөзінше, қызының денесі бүгін Сарыбұлаққа апаратын су арнасынан табылған.
"Әпкем Алла Галеева оны таныды. Қазір өзім де тану үшін Талғар АІІБ бара жатырмын", - деп мәлімдеген Эдуард Галеев.
Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі аталмыш ақпаратты растады. Ұйымдастырылған іздеу жұмыстары барысында Іле ауданының Междуречинск елді мекенінің маңындағы су арнасы шлюздарының бірінен Анастасия Галееваның денесі табылған.
"Туыстары бойжеткенді таныды. Факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеуді өз бақылауына алды.
Қыздың денесін су арнасына тастағандарын мойындаған таныстары ешқайда кетпеу туралы тілхат жазған", - деп хабарлады департамент өкілдері.
Еске сала кетейік, Анастасия Галееваны іздеу жұмыстары ақпанның тоғызынан бері жүргізілген.
Бойжеткен Талғар ауданында тұратын құрбысының үйіне кетіп, сол күйі із-түссіз кеткен.
Іздеу шаралары аясында полицейлер түрлі болжамдарды тексерген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788059-eki-aj-bryn-zogalgan-arudy-denesi-almaty-mayndagy-su-arnasynan-tabyldy/