Қарағандыда үш жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)
Опубликовано:
Қарағанды қаласынжа үш автобустың қатысуымен жол апаты орын алып, бірнеше адам жарақат алды деп хабарлады ekaraganda.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10 сәуір күні сағат 14:25-те полицияға Қарағанды-Майқұдық тасжолында жолаушылар автобустарының қатысуымен жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, №56 автобустың 61 жастағы жүргізушісі қоғамдық көліктің рөліне ие бола алмай, жолындағы №40 автобусты соққан.
Содан кейін №56 маршрутты оның артынан келе жатқан екінші бір №56 қоғамдық көлік ұрған.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апатынан бірінші №56 автобуста отырған алты адам жарақат алыпты.
Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Жол апатынан ешкім қайтыс болмады. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788150-karagandyda-s-zolausylar-avtobusy-soktygysty-video/