Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында септикке құлаған екі жасар сәбиді дәрігерлер аман алып қалды

Опубликовано:

Түркістан облысының дәрігерлері кәріз жүйесіне құлаған баланың өмірін аман алып қалды. Бүлдіршін Жетісай аудандық орталық ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Facebook

Шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген сәбиді аман алып қалу үшін реаниматолог дәрігер Нұрсұлтан Шойбеков пен балалар бөлімінің меңгерушісі Зульфия Кешубаева бастаған бір топ дәрігерлер бірнеше сағат бойы күрескен.

Кәріздің лас суына тұншыққан сәби 12 сағаттан астам уақыт жасанды тыныс алу аппаратымен демалған.

Екі жастағы нәрестенің ата-анасы дәрігерлерге деген алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты.

Тиісті емін алып жатыр.

"Жансақтау бөліміне 2 сәуір күні сағат 19:50-де 2017 жылы туған Бақытбек Сабыржан Нұржанұлы өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ата анасының айтуынша, бала үйінде септикке түсіп кеткен. Утопление. Ауруханадан тыс аспирациялық пневмания. ДН-2-3 СТ. диагнозы койылып ем-шаралары жүргізілді.
5 сәуірде жағдайы бір қалыпты тұрақты болып жақсарған соң балалар бөліміне ауыстырылды. Бүгінгі таңда жағдайы қанағаттандырарлық. Ем шаралары жалғастырылуда", - деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788151-trkistan-oblysynda-septikke-klagan-eki-zasar-sbidi-drigerler-aman-alyp-kaldy/