Атырау маңындағы ауылда жел ұшырып әкеткен шатыр көліктерді талқандады (фото)

Опубликовано:

Атырау қаласы маңындағы Балықшы ауылында бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жел ұшырып әкетті. Салдарынан үш жеңіл автокөлікке зақым келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Оқиға 12 сәуір күні 14:00-де болған. Қатты соққан жел Құнанбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен.

ТЖК мәліметінше, желдің екпіні 18 м/с. құраған. Ал қираған шатырдың ауданы 125 шаршы метрді құраған.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Абырой болғанда жапа шеккен адамдар жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788641-atyrauda/

jitsu gif