Алматыда гранатаға ұқсас зат тауып алған ер адам ажал құша жаздады
Опубликовано:
Алматының Айнабұлақ-2 ықшам ауданында ер адам гранатаға ұқсас белгісіз затты үйіне алып келгенде ол жарылған деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқыс оқиға бүгін 16 сәуір күні Айнабұлақ-2 ықшам ауданындағы 85-үйдің 25-пәтерінде болған.
Дәрігерлер қолында гранатаға ұқсас зат жарылған 34 жастағы Исабаев Нұрбол Молдаханұлының жағдайын ауыр деп бағалады.
"Беті, кеудесі, оң қолының алақаны мен тыныс алу жолдары күйіп қалған. №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген ер адам үшінші дәрежелі күйік алған.
Жәбірленушінің айтуынша, ол сырттан тауып алған күмәнді затты үйге алып келген. Гранатаға ұқсас зат сол кезде жарылып кеткен", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1789241-almatyda-er-adamny-kolynda-granata-zaryldy/