Алматы маңында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді
Опубликовано:
19 сәуірде Алматының сейсмогеологиялық орталығы магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісін тіркелген. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мамандар мәліметінше, жер сілкінісі таңғы 9:55-те болған.
Оның эпицентрі Алматы қаласынан 71 шақырым жерде, қаланың оңтүстік-шығыс аумағында, Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 балды құраса, тереңдігі 20 шақырымда болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1789851-almaty-maynda-magnitudasy-46-baldyk-zer-silkinisi-tirkeldi/