Атырауда тапа-тал түсте ер адамды атып кетті (видео)

Опубликовано:

Атырауда көліктердің жанында тұрған азаматты атып қашып кеткен ер адамның видеосы таралды деп хабарлайды Ақжайық.

Көрнекі фото: netsmol.ru
Көрнекі фото: netsmol.ru: UGC

Басылымның мәліметінше, оқиға қаладағы Привокзальный ықшамауданында болған.

16 сәуірде сағат 19.05-те Мақат ауылының 39 жастағы тұрғыны 32 жастағы жерлесін атқан. Жараланған адам кейін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Күдіктімен бірге 17 жастағы сыбайласы болған. Ол да Мақат тұрғыны екен деп жазады басылым.

Полицияның хабарлауынша, қылмысқа қатысты күдікті ұсталған.

"Баймұханов көшесіндегі үйлердің бірінің алдында 32 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағына (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмысқа қатысты тұлға ұсталды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.

Ескерту! Аталмыш видео кәмелеттік жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және әсершіл адамдарға көруге кеңес берілмейді!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1790129-atyrauda-tapa-tal-tste-jini-aldynda-adamdy-atyp-ketti-video/