Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ұшақ апатынан мерт болғандардың жақындары еске алды

Опубликовано:

Қарағандыда 21 сәуір күні жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі тәжірибелі ұшқыш пен курсант ажал құшты. Достары мен туыстары қаза тапқандарды еске алды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Юрий Артемов пен Мереке Аукешев. Кадр: Еуразия бірінші арнасы
Фото: Юрий Артемов пен Мереке Аукешев. Кадр: Еуразия бірінші арнасы: UGC

Төтенше жағдай оқу-жаттығу кезінде болған. Әуе кемесінің бортында екі адам: 52 жастағы ұшқыш-нұсқаушы Юрий Артемов пен 29 жастағы тыңдаушы Мереке Әукешев болды. Олар оқиға орнында көз жұмды.

Мереке Әукешевтің досы әлі күнге дейін жолдасының мерт болғанына сене алмайды.

"Үнемі қолдап, жақсы дос бола білді. Ол менің бауырымдай еді", - деді ер азамат.

Ал қызметтесі Владимир Упоров жігіттің үнемі күліп жүретінін, ешқашан көмек көрсетуден бас тартпағанын еске алды. Ол ата-ананың баласының қазасын көргені өкінішті екенін айтты.

Курсанттың артында мектеп жасындағы ұлы мен 2 жасар қызы қалды.

Нұсқаушы Юрий Артемов бірнеше жыл бұрын бірінші рет ата атанған. Марқұмның бауыры Сергей Антоненко оның аспанды қатты жақсы көргенін айтты. Ол зейнетке шығып, жастарды үйретуді жалғастырған екен.

Қайғыдан қан жұтқан ер азамат әріптесінің керемет адам болғанын айтады.

"Керемет адам, қайырымды, жуас! Аспан жақсыларды алып кетеді. Авиацияда үнемі осылай болатын", - деп бөлісті ұшу жасағының командирі Серікбек Жандыкеев.

Авиацияның бұрынғы полковнигі Станислав Федотовтың пікірінше, адамдар қаза тапқан апатты ұшақты Юрий басқару керек еді. Себебі ол 30 жыл әскери жойғыштарды басқарып келген.

Марқұмның бұрынғы командирі ұшқыштың нағыз кәсіби маман болғанын атап өтті.

"Олардың құлағанына қарағанда қандайда бір қиын жағдай болған. Біз тек болжам жасай аламыз. Штопорға түсіп, жылдамдықты да жоғалтып алуы ықтимал", - деп хабарлады Федотов.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуір күні Қарағандыдағы "Балапан" әуеайлағында FK-14 В2 "Polaris" жеңіл ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған әуе кемесі Польшада 2013 жылы шығарылған. ҚР ИИДМ хабарлауынша, ұшудың алдында ұшақ толық тексерістен өткен және онда ешқандай ақау болмаған.

Қазіргі таңда апаттың себебі анықталуда. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның үш нұсқасы қаралуда: Адами фактор, ақау, ауа райы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1790475-karagandyda-sak-apatynan-mert-bolgandardy-zakyndary-eske-aldy/

pixel