Алматыда автобус еденін жарып өткен қақпақ жолаушының аяғын жарақаттады
Опубликовано:
Алматыда автобустың еденін тесіп кеткен арық қақпағы жолаушы әйелдің аяғын жарақаттады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол оқиғасы бүгін, 2 мамырда таңғы сағат 10-да Халиуллин көшесінде орын алған.
65-ші автобус жүргізушісінің сөзінше, арық торын басып өткенде, ол көтеріліп кетіп, автобус еденін жарып шыққан.

Оқыс оқиғадан көлікте болған жолаушының аяғы зақымданыпты.
Жәбірленуші келіншек ауруханаға жеткізген.

Оқиғаның себебін анықтаумен қалалық полиция департаменті айналысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1792115-almatyda-avtobus-edenin-zaryp-tken-kakpak-zolausyny-aagyn-zarakattady/