Бақыт Сұлтанов жатақxанадағы өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов өрт шыққан жатаханаға келді. Тілсіз жаудан 26 адам зардап шеккен, соның ішінде 14-і балалар деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов келіп, жатақхананың тұрғындарымен кездесті.
Қала басшысы тиісті органдарға зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп, төтенше жағдайды тергеу жөнінде комиссия құруға тапсырма берді.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызыл жалын бкс қабатты жатақхананың екінші қабатындағы 18 шаршы метр бөлмені шарпыған.
Ведомство өртке қарсы қызмет бригадасы сағат 10:39-да шақырту орнына жеткенін атап өтті. Мамандар өртті 35 минутта сөндірді.

Тілсіз жаудан 26 адам зардап шегіп, оның 14-і балалар екені белгілі болды.
Сонымен қатар, ауруxанаға улану белгілері бар 12 ересек адам жеткізілді.
Олардың төртеуі медициналық көмектен бас тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1792158-bakyt-sltanov-zatakxanadagy-rtten-zardap-sekken-trgyndarmen-kezdesti/