Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ММА-дан Қазақстан чемпионы Таиландта суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Опубликовано:

Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Бангоктағы турнир кезінде үлкен ерлік жасады. Еламан Шәлкімбеков суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалған деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vk.com
Фото: vk.com: Facebook

Еламан Шәлкімбеков бассейнде адамның батып бара жатқанын байқап, бірден оған көмекке ұмтылған. Еламан Шәлкімбеков құтқарған адам Үндістан азаматы болып шықты.

Қазіргі таңда, қазақстандық спортшы Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында ел намысын қорғап жатыр. Турнирге басқа да отандық спортшылар қатысуда.

13 спортшының 12-сі жарыстың бірініші күні-ақ жеңіске жеткен. Енді алдағы уақытта тағы 14 қазақстандық жігіт өз бағын сынап көрмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1792517-otandyk-mma-cempiony-tailandta-suga-batyp-bara-zatkan-adamdy-ktkaryp-kaldy/

pixel