Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сергей Доренконың мотоциклден құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Опубликовано:

Сергей Доренко қайтыс болды. Танымал ресейлік журналист, "Говорит Москва" радиостанциясының бас редакторы жол апатынан қаза тапты. Ол жолдағы қозғалыс кезінде мотоциклден құлап қалған. Бұл жағдай көше қозғалысы камерасына тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ. Фото: facebook.com/Rasstriga және 360tv.ru
Коллаж NUR.KZ. Фото: facebook.com/Rasstriga және 360tv.ru: UGC

"360" арнасы ұсынған видеодан журналистің мотоциклмен оң жолақта жүріп бара жатқанын аңғаруға болады.

Кенеттен ол бірден бағытын өзгертіп, сол жолаққа ауысады. Екі жолай қозғалыс қатарынан өткен соң журналист қарама-қарсы жолаққа шығып, құлайды.

Айта кететін жайт, мотоциклдің қозғалыс қарқыны жоғары болса да, ол бірде-бір көлікке залалын тигізбеген.

Естеріңізге сала кетейік, 9 мамыр күні Мәскеуде Сергей Доренко көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1793270-sergej-dorenkony-motociklden-klagan-sti-videoga-tsip-kalgan/