Ақтауда үшінші қабаттан құлаған екі жастағы бала ғажайыптың күшімен аман қалды
Опубликовано:
Ақтауда тұрғын үйдің үшінші қабатынан екі жастағы қыз бала құлап кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі Азамат Сәрсенбаев мәлімдеді деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, екі жастағы нәресте миы шайқалу диагнозымен Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 12 мамыр күні 19:20-да жеткізілген.
"Ата-анасының айтуынша, қыз бала үшінші қабаттан құлаған. Бақытымызға орай, ата-анасының жылдам аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіп, баланы құтқарып қалу мүмкін болды", - деді Азамат Сәрсенбаев.
Ол сәбидің жағдайы тұрақты болғаннан кейін оны травматология бөліміне ауыстырғанын жеткізді.
"Қазіргі сәтте нәресте өзін жақсы сезінеді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1793783-aktauda-sinsi-kabattan-klagan-eki-zastagy-bala-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/