Сәтпаевта жанармай бекетінде жұмыс істейтін көпбалалы ананы өлтіріп кетті

Опубликовано:

Сәтпаев қаласындағы автожанармай бекетінде белгісіз біреу кассирді өлтіріп кетті. Көпбалалы ананың денесін жанармай құюға келген автокөлік иесі тауып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: yavmashine.ru
Көрнекі фото: yavmashine.ru: Facebook

1983 жылы туған бес баланың анасы, шамамен, балта соққысынан қаза тапқан.

Бұл сәтте кассада 20 мың теңге болған. Бұл қылмыстық ұрлыққа қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полиция ҚК-нің 99-бабы 2-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Шынында да, автожанармай құю стансаларының бірінде көшеде Жезқазғанның 37 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Күдіктіні іздеуге ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталған", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1794968-stpaevta-zanarmaj-beketinde-zmys-istejtin-kpbalaly-anany-ltirip-ketti/