Екі адам қаза тапты: Алматыда "BMW" бірнеше рет аударылып, апатқа түсті
Опубликовано:
Алматыда бүгін, 27 мамырда жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қайтыс болды. Жеңіл көлік жолдың шетіне шығып кетіп, бірнеше рет аударылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Куәгердің сөзінше, қызыл түсті "BMW" көлігінің жүргізушісі Бухтарминской көшесінде жылдамдықты шамадан асырған.
Нәтижесінде, ол транспортқа ие бола алмай қалыпты.

Cоның салдарынан көлік жолдың шетіндегі ағаштарды соғып, бірнеше рет аударылған.
Жедел жәрдем қызметкерлері жүргізуші мен жолаушының тез арада ауруханаға жеткізгенімен, екеуін құтқарып қалу мүмкін болмапты.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарып жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1796148-eki-adam-kaza-tapty-almatyda-bmw-birnese-ret-audarylyp-apatka-tsti/