Атырауда жаңа босанған әйел көз жұмды
Опубликовано:
Атыраулық перзентханада жаңа босанған әйел адам қайтыс болды. Келіншек сәбиін дүниеге әкелген соң, төрт сағаттан кейін көз жұмған. Бұл туралы марқұмның туыстары айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланың өміріне қауіп төнгенін жеткізді.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Мәншүк Құдайбергенқызының сөзінше, әйел адам кесар тілегінің көмегімен босанған және ота сәтті өткен.
Кейін ол өзін нашар сезініп, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Мекеменің хабарлауынша, нәресте аман қалған. Оның денсаулығы жақсы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1796239-atyrauda-zaa-bosangan-jel-kz-zmdy/