Талдықорғанда балабақша терезесінен құлап кеткен сәби есін жиды
Опубликовано:
Талдықорғанда балабақшада терезеден құлап кеткен екі жасар қыз есін жинады. Екінші қабаттан құлаған сәби көзін ашып, сөйлей бастаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Қос бірдей қызды ашық тұрған терезесінің жақтауына шығарған тәрбиеші біреуін құлатып алған.
Зардап шеккен баланың миына қан құйылып, ес-түссіз ауруханаға жеткізілген болатын.
Ал 50 жастағы тәрбиешіге араша түскен әріптестері оның жиырма жылдан артық тәжірибесі барын да айтқан. Дегенмен балабақшадағы бұл жайтқа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Дәрігерлер кішкентай қыздың сөйлеп, тіпті тамақ іше бастағанын да айтты. Бас сүйегі сынған қызға ерекше күтім қажет.
"Алты айдай бала реабилитация өту керек. Ол қатты зақым алған. Ол тез жазылмайды", - дейді Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы бас дәрігері Марат Досқалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1796501-taldykorganda-balabaksa-terezesinen-klap-ketken-sbi-esin-zidy/