Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жол талғамайтын көлік тізгіндеген әйел оқушыны қағып өлтірді

Опубликовано:

Екібастұз қаласының Абай көшесінде Hyundai Tucson жол талғамайтын көлік жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып кетті. Оқушы оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы жағдай 29 мамыр күні болды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Twitter
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Hyundai Tucson" көлігінің 1959 жылғы жүргізушісі Абай көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында баланы қағып кеткен.

Алған жарақат салдарынан 12 жастағы оқушы оқиға орнында көз жұмды.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметі жол апаты болған жерге хабарлама түскен соң, 3 минутта келген. Дәрігерлер 12 жастағы баланың биологиялық өлімін тіркеді.

Әйел адамды уақытша түзеу изоляторына қамады.

Жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1796919-ekibastzda-jel-adam-zol-talgamajtyn-klikpen-12-zastagy-balany-kagyp-ketti/

pixel