Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұшпаныма да тілемеймін": Батуттан құлаған қыздың әкесі тың деректермен бөлісті

Опубликовано:

Жеті жастағы Жазира Қарағанды қаласындағы облыстық балалар клиникалық ауруханасында емделуде. Күні кеше қыз өзін жақсы сезініп, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Жазира төрт қыздың бірі. Оның жанұясы Қарағанды қаласының жанында орналасқан Саран қаласында тұрады. Қыздың әкесі - қарапайым жұмысшы, ал анасы - жүктілік демалысында болып табылады.

Жазираның ең кіші сіңлісі жақында ғана бір жасқа толды. Оның жанұясы үлкен байлықпен мақтана алмаса да, өздерін кедейміз деп есептемейді.

"Жазира менің үшінші қызым. Мен барлық қыздарды жақсы көремін. Иә, біз бай емеспіз, бірақ бізде - құрмет пен махаббат бар. Тек осының арқасында Жазира жарақат алған кезде өмір мен өлімнің арасындағы қиын күндерді бірге өткіздік.
Біз тек қызымыз аман қалса деп қана дұға оқыдық. Ол күн сәулесі сияқты, өте нәзік, белсенді, көңілді, ән айтады және билейді", - деді қыздың әкесі Саябек Балтабеков.

Қыздың әкесі саябақтағы сол сәтті есіне алды.

Ер азамат балаларды сол күні саябаққа жібергісі келмегенін, бірақ қыздарының мөлдіреген көздеріне қарсылық білдіре алмағанын алға тартты.

Саябек дауылды жел туралы ақпараттың тарағанын есіне түсіре алмағанын атап өтті.

"Мүмкін, байқаусызда өшіріп тастаған шығармын. Мен үнемі телефондағы қажетсіз хабарламаларды тазартамын, мүмкін оны да абайсызда өшірдім. Бірақ бәрі осылай болатынын білетін болсам, қыздарымды саябаққа жібермей, Жазираның батутта секіруіне мүмкіндік бермейтін едім.
Мен әйелімнің сөзі арқылы оқиғаның жылдам өрбігенін білдім. Бір минутқа жетпей, батуттың астан кестеңі шығыпты. Төңкерілген батут қызымызды қайтыс болған бала құлаған жерге лақтырып жіберген. Жазира оның жанында қансырап жатыпты, - деді Саябек.

Ер азамат батут құлаған соң адамдар байбаламға салынғанын жеткізді.

Саябектің сөзінше, оның әйелі жерде жатқан резеңкенің арасынан өзінің қызын іздеуге талпынғанымен, бірақ ол жерге жете алмаған.

Саябек көлік жүргізіп келе жатқанда осы жағдайды әйелі телефон арқылы жеткізгенін атап өтті.

"Мен оқиға орнына жеткенде, жедел жәрдем көлігі де келген болатын. Қызымызды дәрігерлердің ес-түссіз алып бара жатқаны есімде. Сол сәт маған қатты әсер етті. Сенің балаң өмір үшін күресіп жатады, ал сен болсаң жақынырақ жақындауға да қауқарың болмайды.
Мен мұны дұшпаныма да тілемеймін", - деді ер азамат.

Келесі күні Жазира жансақтау бөлімінде жатқанда, жанұя мүшелері қатты қиналғанын айтты.

Қыздың ата-анасы Жазира үшін қатты алаңдап, өздерін қоярға жер таба алмағандарын да алға тартты.

Дәрігерлер қыздың беті қарағанын айтқанда, олар қайтадан өмірге келгендей сезімге түскендерін жасырмады.

Кеше жанұя мүшелері палатаға ауысқа сүйкімді қыздарын неше күннен кейін алғаш көргендерін қуанышпен жеткізді.

"Ол дұрыс сөйлей алмайды. Ауырсыну салдарынан орнынан да қозғала алмайды. Бізге қызымызды ұзақ уақыт емдету керек. Дәрігерлер Жазираның қабырғалары мен бірнеше сүйегі сынып, миы шайқалғанын айтты.
Бастысы ол тірі қалды. Мен қиын күндері руханик көмек берген мектеп ұстаздары мен туыстарыма алғысымды айтамын.
Қайтыс болған баланың туыстарына көңіл айтамын.
Бұндай оқиға қайталанбас үшін, кінәлілердің жазаға тартылуын тілеймін", - деді қыздың әкесі.

Саябек парк басшылығы, батут иесі хабарласып, Жазираның жағдайын сұрамағанын да атап өтті.

Еске сала кетсек, 25 мамыр күні Қарағандыда батут аударылып, бір бала көз жұмды. ІІМ балалар батуты қызметін уақытша тоқтата тұруға шақырды.

Кейінірек, желіде оның құлаған сәтінен видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797035-dspanyma-da-tilemejmin-batuttan-klagan-kyzdy-kesi-ony-zagdajy-turaly-ajtty/