"Екі адам қаза тапты": Талғар тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Опубликовано:
Алматы облысында Талғар тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам ауруханаға түсіп, екеуі қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты бүгін таңертен Белбұлақ аулының маңында болды.
Басылымның жазуынша, Toyota Caldina шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Бұл мезетте қалаға қарай бет алған ZAZ Forza жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Toyota-мен соқтығысқан.
Toyota Caldina көлігіндегі екі жолаушы да оқиға орынанда жан тапсырды. Екі жүргізуші мен ZAZ жолаушысы бірден ауруханаға жеткізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797192-eki-adam-kaza-tapty-talgar-tas-zolynda-zantrsigerlik-zol-apaty-oryn-aldy/