Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде құлап кеткен әткеншек салдарынан бес бала зардап шекті

Опубликовано:

Бірінші маусымда балаларды қорғау күнінде Семейдегі Ертіс жағалауында әткеншек құлап, нәтижесінде бес кішкентай бала зардап шекті деп хабарлайды YK.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: yk.kz
Оқиға орны. Фото: yk.kz: UGC

Семейде әткеншек құлап түсті. Зардап шеккен бес баланың төртеуі ауруханаға жеткізілген. Дәрігерле оларды қарап шығып, үйлеріне қайтарған. Бір бүлдіршін аздаған жарақат алған.

Анықталғандай, құлап кеткен әткеншек жеке кәсіпкерге тиесілі.

Қазіргі таңда, төтенше жағдайдың не себепті орын алғаны анықталып жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылған.

Оқиға орны. Фото: yk.kz
Оқиға орны. Фото: yk.kz: UGC

Құтқарушылар ата-аналарға балалары жеке кәсіпкерлердің батуттары мен әткеншектеріне отырмас бұрын, аталмыш аттракциондардың қандай жағдайда екеніне көз жеткізуді ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797243-semejde-klap-ketken-tkensek-saldarynan-bes-bala-zardap-sekti/

pixel