Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтпаевта төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап, тіл тартпай кетті

Опубликовано:

Сәтпаев қаласында қайғылы жағдай орын алды - төрт жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап түсіп, сол жерде мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда
Көрнекі фото: womo.ua: UGC

Ер бала бөлмеде жалғыз болған. Ол москит торлы ашық тұрған терезеге шығып алып, әрмен қарай құлап кетіпті.

Қатерлі жарақат алған балақай бірден тілге келместен көз жұмған.

Оған тіпті медицина қызметкерлерінің көмегі де қажет болмаған - бүлдіршін көршілері мен көшедегі адамдардың көз алдында қайтыс болыпты.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция жағдайды анықтау үстінде: бөлмеде кім болды, бала кімнің тәрбиесінде және жанұядағы психологиялық хал-ахуал қандай екенін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797285-stpaevta-trt-zasar-bala-besinsi-kabattan-klap-til-tartpaj-ketti/

pixel