Қарағанды облысында тағы бір бала терезеден құлап кетті
Опубликовано:
Кеше 2 маусымда Қарағанды облысында кезекті келеңсіз жағдай орын алды. Кішкентай бала жоғарғы қабаттың терезесінен құлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға Шет ауданындағы Ағадыр елді мекенінде орын алды.
Ата-анасының қарауынсыз қалған үш жастағы бала үшінші қабаттан құлап кеткен.
"2016 жылғы бала жарақатпен ауруханаға түсті. Бүлдіршіннің жасына байланысты ешқандай қауіп сезілмейді. Ата-аналарға балаларын көзден таса етпеуді тағыда ескертеміз", - деді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Еске сала кетсек, Сәтпаевта төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап, оқиға орнында қаза тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797471-karagandy-oblysynda-tagy-bir-bala-terezeden-klap-ketti/