Шымкенттегі жатақханалардың бірінде өрт шықты
Опубликовано:
Шымкентте жатақхана өртке оранды. Бұл туралы хабарлама 8 маусым күні сағат 05.39-да келіп түсті. Бұрынғы қорғасын зауытының 45 пәтерлі жатақханасының шатыры жанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 06.14 те өртті ауыздықтап, таңғы жетіде тілсіз жау толық сөндірілген.

Абай ауданына қарасты Водопьянов көшесіндегі жатақхананың 32 пәтерінде адамдар тұрған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Жанып жатқан жатақханадан 35 адам эвакуацияланды. Өрттің жалпы аумағы 240 шаршы метрді құраған.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 10 арнайы техникасы мен 54 адам өртті сөндіруге жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798415-symkenttegi-zatakhanalardy-birinde-rt-sykty/