Шымкенттегі кілем сататын дүкеннен алапат өрт шықты (фото, видео)
Опубликовано:
Шымкентте кілем өнімдерін сататын дүкенде өрт шықты. 9 маусым күні сағат 16.54-те Шымкент қаласындағы базарлардың маңында, Мейірімді көшесі 25 үй мекенжайынан өрт туралы хабарлама келіп түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бір қабатты ғимаратта орналасқан кілем сататын «Есенжол» дүкенінде ашық отсыз қатты түтіндеу орын алған. Дүкеннің жалпы көлемі 432 шаршы метрді құрайды.
"Ғимаратта кілемдердің өртенуінен қалың түтін шыққан. Өртенген аумақ 260 шаршы метрді құраған.
Өрт сағат 17.41-де оқшауланып, сағат 18.15-те толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда.

Оқиға орнында Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 40 адам және 6 техника жұмыс атқарды", - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798730-symkenttegi-kilem-satatyn-dkennen-alapat-rt-sykty-foto-video/