ШҚО-да әжетханада төбелескен шенеунік әйел лауазымынан айырылды
Опубликовано:
ШҚО-ға қарасты аудандардың біріндегі ішкі саясат бөлімінің басшысы әжетханада төбелес шығарған. Шенеунік әйел әдепсіз қылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға бірінші мамыр күні орын алған. Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты департаменттің әдеп кеңесінің отырысында екі шенеунік төбелесіп қалыпты.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы мен мемлекеттік қызметкер келіншектің өзара келіспеушілігі әжетханада орын алған.
Оқиғадан зардап шеккен әйел бөлім басшының үстінен полицияға арыз түсірді. Әдепсіз қылық танытқан шенеунікке тәртіптік жауапкершілік бойынша протокол толтырылған.
Алайда, екі келіншек өзара келісімге келгендіктен сот істі қарастыруды тоқтатты.
"Мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершіліктен құтылғанымен, ол "Мемлекеттік қызмет туралы" заң мен әдеп кодексіненің тәртібін бұзды. Сол себепті, ол тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін ", - деді кеңесте.
Кеңестің шешімімен шенеунік әйелдің қызметін төмендетіп тастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1799069-sko-da-seneunik-jel-zethanada-tbeles-sygardy/