Шымкентте кеш батқанда көшеде тұрған аялдама өртеніп кетті (фото)
Опубликовано:
Шымкент қаласында 10 маусым күні сағат түнгі он жарым шамасында Темірлан тас жолы бойында орналасқан аялдаманың шатырынан өрт шықты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2019 жылғы 10 маусымда сағат 22.32-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Темірлан тас жолы бойында өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнында анықталғаны «Тойота Орталығы» автосалонға қарама-қарсы тұрған аялдамада көлемі 2 шаршы метр пластик шатыры жанған.
Сондай-ақ, көлемі 5 шаршы метр темір будканың ішінде оттың салдарынан 3 тоңазытқаш, темір есік, 1 ағаш үстел жарамсыз болған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жау сағат 22.42-де оқшауланып, сағат 22.56-да толық сөндірілген.
Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 14 адам, 3 техника, медицина апаттар орталығы мен полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1799113-symkentte-kes-batkanda-ksede-trgan-aaldama-rtenip-ketti-foto/