Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апаты: Оқиға орнынан видео пайда болды
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан маңында АН-2 ұшағы құлаған жерде түсірілген видео тарауда деп хабарлайды "Хабара 24"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тілшінің сөзінше, ұшақ құлаған жер оқшауланып, қазір онда комиссия жұмыс істеп жатыр.
Апат маңына 50 метр жерге дейін жақындауға болмайды.
Ол апатқа ұшыраған АН-2 жанында сынықтар мен жанып кеткен бөлшектердің жатқанын байқаған.
Автордың айтуынша, құлаған электр бағанының бірін басқа жаққа сүйреп апарып тастаған.
Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында сағат 9:50 шамасында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты.
Оқиғадан тағы екі адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800728-nr-sltan-maynda-sak-apaty-okiga-ornynan-video-pajda-boldy/