Алматыда жолды кесіп өтпек болған ер адам көлік астына түсіп, мерт болды

Опубликовано:

Алматыда Северное кольцо маңындағы "Қарасу" шағын ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Depositphotos

Қайғылы оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні болды.

Куәгерлердің сөзінше, Daewoo Matiz көлігі Бұрұндай көшесімен келе жатқан кезде оның алдына ер адам жүгіріп шыққан.

Жүргізуші тыйым салынған жерде жолды кесіп кеткен жаяу жүргіншіні көргенде тоқтай алмай, оны қағып кеткен.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тәртіп сақшылары ер адамның өзімен бірге ешқандай құжаттары болмағандықтан, марқұмның жеке басын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801156-almatyda-zaau-zrginsini-kagyp-ketti-foto/