Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендердің саны 52-ге дейін өсті
Опубликовано:
Арыстағы жарылыстың салдарынан бір адам қаза тауып, 52 адам жарақат алды. Мұндай ақпарат 24 маусым күні сағат 20-ға берілді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркістан, Кентау, Шымкент, Арыс және Ордабасы аудандарынан 22 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейтіні хабарланды.
Сонымен қатар, зардап шеккендерге травматологтар, реаниматологтар, комбустиологтардан тұратын 2 мультидисциплинарлық бригада көмек көрсетеді.
Көрші Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 16 жедел жәрдем бригадасы кез келген уақытта көмекке келуге дайын.
Сондай-ақ, дәрігерлер бригадасымен санитарлық авиацияның 2 тікұшағы дайындалды.
Қазір ауруханаларда 34 зардап шеккен адам бар, оның 2-уі ауыр халде.
Бір адам қаза тапты.
Бұған дейін 46 зардап шеккен адам туралы хабарланған болатын, оның 5-уі-балалар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801360-arystagy-zarylys-zardap-sekkenderdi-sany-52-ge-dejin-sti/