Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста соңғы 10 жылда төртінші жойқын жарылыс болған

Опубликовано:

24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, 50-ден аса адам жарақат алды. Елді дүрліктірген төтенше жағдай соңғы 10 жылда қалада төртінші рет болып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Instagram/almaty_avto_gaz
Фото: Instagram/almaty_avto_gaz: UGC

Телеарнаның мәліметінше, жарылыс соңғы рет 2015 жылдың қарашасында болған.

Сол уақытта апат салдарынан бір адам қаза тапты.

2014 жылдың маусымында Арыс қаласының жанындағы оқ дәрілерді залалсыздандырумен айналысатын мекемеде жарылыс болып, екі адам мерт болды.

Сондай-ақ, 10 жыл бұрын "Қазарсенал" компаниясының аумағындағы жарылыс 3 адамның өмірін жалмады. Одан бөлек 17 адам түрлі жарақат алды.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, қойма аймақ бойынша ең ірі қару-жарақ сақтайтын орын болып саналады.

Дереккөз: КТК

31 арна-ның хабарлауынша, жарылыс болған әскери бөлім 89 жыл бұрын құрылған. Бөлім ауған және Ұлы отан соғысы кезінде кеңес әскерін қару жарақпен қамтамассыз етті.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801399-arysta-sogy-10-zylda-trtinsi-zojkyn-zarylys-bolgan/

pixel