Ақтөбеде автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза болды (видео)
Опубликовано:
Ақтөбедегі президент резиденциясының алдында №29 бағыттағы қоғамдық көлік КамАЗ автокөлігімен түйісіп, бір адам көз жұмды. Оқиға орнына өңірдің бас дәрігері барған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жедел жәрдем ауруханасына 9 адам жеткізілді. 56 жастағы әйел адам ауруханаға жатқызылды. Оның миы шайқалып, қабырғасы сынып, өкпесінен жарақат алған.
Жеткізілген тағы бір адам хирургияға жатқызылды. Қалған жеті адам үйлеріне жіберілді",-деп хабарлайды жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Әскербекұлы.
ІІД жол-көлік оқиғасында бір адамның көз жұмғанын растайды. Қылмыстық іс қозғалған.
"15 адам зардап шекті. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа болмаған. Бір адам қаза болды. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801616-aktbede-zolausylar-avtobusy-zk-kligimen-soktygysyp-bir-adam-kaza-boldy-video/