Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында 40-50 жарылыс болды
Опубликовано:
Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында жобамен неше жарылыс болғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Нақты неше жарылыс болғанын мен айта алмаймын. Олардың санын біз әлі санаған жоқпыз. Қоймада сақталған оқ-дәрігерлің ескере отырып, 40-50-дей жарылыстың болғанын болжап отырмыз", - деп түсіндірді қорғаныс министрі.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта Арыстағы апат элементтері бейнеленген әртүрлі сипаттағы ақпараттық ағын жүріп жатыр.
"Ол қоймада артиллериялық оқ-дәрілер, реактивті оқ-дәрілер, белсенді зымыранды снарядтар мен гранатометтар сақталған. 1-3 оқ-дәрінің ұшу ұзақтығы - артиллериялық немесе гранатометтік болсын - 200 метрдей болған. Яғни, әскери бөлім аумағын алған. Тек реактивті снарядтар ұшу ұзақтығы жағынан 20 шақырымға дейін шырқап кеткен.
Бірақ ол снарядтар жарылмай, металл заттар күйінде жан-жаққа шашыраған. Алайда жерге түскен кезде адамдарды жаралап, тіпті өлтіріп кетуге әбден қауқарлы еді. Мәселен, қайтыс болған азамат дәл осындай жарылыстың эпицентінде қалған", - деді Дандыбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801687-arystagy-skeri-blimni-kojmasynda-40-50-zarylys-boldy/