Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста бірінші қаза тапқан әскери қызметкердің артында төрт баласы қалды

Опубликовано:

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Арыстағы Төтенше жағдай кезінде бірінші қайтыс болған әскери қызметкер жайлы айтты. Ол жарылыстың эпицентрінде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Bnews.kz
Көрнекі фото: Bnews.kz: Depositphotos

Сержанттың денесі Арыста Төтенше жағдай болған күні табылған. Ол жарылыс басталып жатқанда қаза тапқан.

"Менің ойымша, ол жарылыс эпицентрінде болу салдарынан қаза тапты", - дейді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, ол әскери қызметкер Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында қызмет еткенін атап өтті.

Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, салдарынан екі адам көз жұмған болатын.

26 маусымда ТЖК қаза тапқандардың саны үш адамға жеткендігін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801702-arysta-birinsi-kaza-tapkan-skeri-kyzmetkerdi-artynda-trt-balasy-kaldy/

pixel