Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп арманы болған еді": Арыста қаза тапқан әскери туралы әріптестері айтты

Опубликовано:

Әскери қызметкер Әбдіғаппар Ахметов Арыстағы жарылыс салдарынан қайтыс болды. Оның әріптестері сарбаздың көп арманы болғанын, өмірде ашық әрі досы көп азамат болғанын айтып, еске алды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ахметовтың әріптесі Құралай оның жасы небәрі 32-де болғанын, сондай-ақ, бір отбасынының жалғыз ұлы екенін атап өтті.

Ол қаза тапқан әскери қызметкердің отбасылы екенін, үш жастағы қызды тәрбиелеп отырғанын, жақында екінші баласы өмірге келгенін де жеткізді.

"Болашақта үлкен жанұялы болуды, қызметте өсуді қалады. Оның көп мақсаты бар еді. Ол достыққа адал азамат болды", - дейді Құралай.

Әріптесі Ахметовтың бөлім командирі болғанын алға тартты.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны үш адамға жеткені хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801869-kp-armany-bolgan-edi-arysta-kaza-tapkan-skeri-kyzmetker-turaly-riptesteri-ajtty/

pixel