Теміртауда егде жастағы ер адам пәтерінің терезесінен секіріп кетті
Опубликовано:
Қайғылы оқиға 18 маусым күні алтыншы ықшам ауданында болған. Зейнеткер жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды деп хабарлайды kriminalka.kz.

Қаза балған ер адамның құжаттары болмаған. Ол жалғыз өзі тұрған. Ер адам ішіктікке әуес болған.
Жергілікті коммуналды қызметтер мәліметтері бойынша, марқұмның есімі Евгений Бузинов, жасы 65. Ұлы есірткіге тәуелді болып, із-түссіз кеткен. Ал қызы АҚШ көшіп кеткен екен. Ер адам сол қызы жіберген ақшаға өмір сүріп отырған.
Теміртау мен Қарағандының техникалық жоғарғы оқу орындарында оқыған азаматтер үшін марқұмның есімі таныс болады. Евгений Бузинов бұрын бақылау-өлшеу құрылғысының маманы болған, сондай-ақ "БӨП мен автоматикадан" дәріс берген.
Көршілерінің сөзінше, ер адам әйелі қайтыс болғанша мейірімді, зиялы өмір сүрген, бірақ сосын ішімдікке салынып кеткен.
Сондай-ақ көршілер ер адам иттері өлгеннен кейін өзіне қол салды деген болжау айтса, енді бірі ол балкон терезесін жөндеймін деп құлап кетті деп отыр.
Полиейлер "Өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша, қылмыстық іс қозғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1802056-temirtauda-egde-zastagy-er-adam-pterini-terezesinen-sekirip-ketti/