Теміртауда бұрынғы мұғалім биіктіктен құлап қайтыс болды

Опубликовано:

Теміртауда колледждің бұрынғы мұғалімі көпқабатты үй терезесінен құлап қайтыс болды. Анықталғандай, ер адам пәтерде бір өзі ғана тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Twitter

Қайғылы жағдай қаланың алтыншы шағын ауданында орын алды. Белгілі болғандай, биіктіктен құлап кеткен азамат 65 жаста болған.

Ер адам бірнеше жыл бұрын әйелі қайтыс болып, ешкіммен араласпай кеткен. Бұған дейін ол колледжде ұстаз қызметін атқарды.

Соңғы жылдары азамат ішімдікке салынып кеткен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер мен жедел жәрдем дәрігерлері оның пәтерінен өлім алды хатты таппаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1802212-temirtauda-bryngy-mgalim-biiktikten-klap-kajtys-boldy/