Алматыда жолаушылары бар автобус көпірден құлап кетті (фото, видео)
Опубликовано:
Алматыда ішінде жолаушылары бар қалааралық автобус көліктік жол айырықтың көпірінен құлап кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында болған.

Жол-көлік оқиғасының куәгерлері жүргізуші бұрылыста автобусты басқара алмай қалғанын айтты. Қоғамдық көлік темір қоршауды қиратып, көпірден құлаған.
Жол апатының салдарынан бір адам зардап шегіп, ол бірден ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1802415-almatyda-zolausylary-bar-avtobus-kpirden-klap-ketti-fotovideo/