Бауыржан Байбек жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласына барды (фото)
Жарияланған күні:
"Nur Otan" партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен айдың соңында жарылыс астында қалған Арыс қаласына барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қалаға арнайы ат басын бұрған Байбек әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
"Төтенше жағдайдан үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесіп, ешкімнің назардан тыс қалмайтынын, мемлекет тарапынан бәріне бірдей қолдау көрсетілетінін айттым. Соған байланысты Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты шаралар қолға алынып жатыр", - деді ол.
"Nur Otan"партиясының бірінші орынбасары апаттың зардаптарын жоюға бүкіл ел болып жұмылып жатқанын айтады.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде жүзден астам құрылыс компаниялары мен мың жарымнан астам маман келіп, жұмысты бастап кеткен.
Қираған үйлердің барлығын 1 тамызға дейін тапсыру жоспарланып отыр екен.
Бұл істе "Nur Otan" партиясы тарапынан қоғамдық және партиялық бақылау күшейтілмек. Апта сайын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпараттар жарияланып отырады.
"Осы ретте біздің жастарымызға, жасотандықтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар еріктілер ретінде алғашқылардың бірі болып апат болған жерге келіп, Арыстағы ағайынға нақты көмек көрсетуде. Бұл нағыз отаншылдық пен азаматтықтың жарқын көрінісі. Арыс, біз біргеміз!", - деді Бауыржан Байбек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803265-bauyrzan-bajbek-zarylystan-zardap-sekken-arys-kalasyna-bardy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.