Арыста кезекті жарылыс болды

Опубликовано:

Бүгін Арыста жарылыс болып, нәтижесінде өрт тұтанған деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аймақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанған.

Қызыл жалынды әскери өрт сөндірушілер ауыздықтағаны айтылды.

Министрлік ешкім зардап шекпегенін жеткізді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803353-arysta-kezekti-zarylys-boldy/