Түркістан облысында орналасқан әскери бөлімнің маңында өрт болды
Опубликовано:
Түркістан облысы аумағына орналасқан әскери бөлімге жақын жерде өрт болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, 6 шілде күні Сарыағаш ауданы аумағынағы №2020 әскери бөліміне жақын жерде құрғақ шөп өртке оранған.
Өрт сөндіру бөлімдері қысқа уақыттың ішінде қызыл жалынды ауыздықтады.
Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шекпеді.
Өрттің аумағы үш гектарды құрады.
Қызыл жалынды ауыздықтау үшін Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803533-trkistan-oblysynda-ornalaskan-skeri-blimni-maynda-rt-boldy/