Ақтауда жұрттың көз алдында "Газель" өртенді (видео)

Опубликовано:

Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде Газель өртке оранды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алды деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Лада
Фото: Лада: Facebook

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт-құтқару қызметінің баспасөз xатшысы Рукия Сычеваның айтуынша, оқиға 6 шілде күні жобамен 21:00-де орын алған.

"Газель" көлігі қаланың 31А ықшам ауданындағы "Prestige" жиһаз салонының жанында өрттенді.

Қызыл жалынның себептері анықталуда.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803552-aktauda-zrtty-kz-aldynda-gazel-rtendi-video/