Ақтөбеде әйел адам тергеушіні полиция ғимаратында ұрып-соқты
Опубликовано:
Ақтөбеде әйел адамның полиция ғимаратында тергеушіге қол жұмсаған сәті видеоға түсіп қалды деп хабарлайды diapazon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

29 жастағы актөбелік Эльмира С. есімді азаматша Астана аудандық полиция бөліміне телефоны ұрланғанына байланысты арыз жазуға келген.
Сол жерде әйел адам мен тергеуші арасында жанжал пайда болыпты.
Іс материалдары бойынша, Эльмира С. тергеушіге тап беріп, жұдырық жұмсап, тепкілей бастаған.
Осы іске сәйкес, әйел адамға Қылмыстық кодекстің 380-бабы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша айып тағылған.
Сотқа дейін ол қамауда болады Аш
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803554-aktbede-jel-adam-tergeusini-policia-gimaratynda-ryp-sokty/