Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада әкесі жеті жасар ұлын хайуандықпен өлтіріп тастады

Опубликовано:

Украинаның Харьков қаласында жеті жасар ұлын өлтіріп, қызын соққыға жыққан азамат сот алдында жауап береді. Шевченково ауылының 34 жастағы тұрғыны Украина Қылмыстық кодексінің 115- бабына сәйкес айыпталуда деп хабарлайды 057.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: dnpr.com.ua
Көрнекі фото: dnpr.com.ua: Facebook

Әкесінің сөзінше, жеті жасар ұлы мен сегіз жасар қызы бұзақылық көрсетіп, өзін тыңдамаған. Осылайша, жанжалдың соңы төбелеске ұласып, әкесі баласын төсектің темір тіреуішіне лақтырып жіберген.

Төсекке басының төбе жағы тиген бала зақым алып, басы қатты ауырғанын айтқан. Оның, тіпті, жүрегі айнып, жүре алмай қалған.

Алайда ол жедел жәрдем шақырмаған және әйеліне де шақыруға тыйым салған. Ал жағдайы нашарлаған бала төсектен тұра алмайтын халге де жеткен көрінеді.

Бесінші тәулікте ғана үйге келген қонақтар баланың жағдайы нашар екенін байқап, дәрігер шақырған. Алайда, үйге келген медицина қызметкерлері баланың өлімін тіркепті.

Сот-медициналық сараптаманың мәліметтері бойынша, бала көптеген қан құйылып, бас сүйегінің желілік күмбезінің сынуы, кейіннен бас миының ісінуі бар бас сүйек-ми жарақатын алған.

Айта кетейік, марқұмның әкесі үлкен қызының денесіне ауыр жарақат салғаны үшін де істі болған. Ол қызы төрт жасқа толмай жатып, ішінен қатты ұрып жіберген. Кішкентай бүлдіршін ішкі органдардың бірінің жарылуы түрінде жарақат алды.

Қазір прокуратура талабына сәйкес азамат қамауға алынды. Баптың максималды санкциясы өмір бойы бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803730-ukrainada-kesi-zeti-zasar-lyn-aausyz-ltirdi/