Ермекбаев Арыстағы өрттің қасақана қойылуы мүмкін екенін жоққа шығармады
Опубликовано:
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Арыстағы төтенше оқиға туралы айтты. Ол қарулы күштерде болатын барлық жағдай өз жауапкершілігінде екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде, барлық мүмкін нұсқалар қарастырылуда - бұл адам факторы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзу, салғырттық, техникалық себептер, мысалы, қысқа тұйықталу, зарядтардың химиялық реакциясы болуы мүмкін. Сондай - ақ, қасақана өртеу және диверсия мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды", - деді Қорғаныс министрі.
Ол тергеу нәтижелері бойынша әрбір лауазымды тұлғаның жауапкершілігі белгілі болатынын атап өтті.
"Тергеу арқылы анықталатын кінәлілер заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатын болады", - деді Ермекбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803998-ermekbaev-arystagy-rtti-kasakana-kouluy-mmkin-ekenin-zokka-sygarmady/